Бірер күн бұрын ақпараттық порталымызда жарияланған мектеп спорт залын қолдарымен қырып жүрген әйелдер туралы видеоға қатысты тың дерек шықты деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, ТикТок желісінде кілең әйелдердің бір мектептің спорт залының ремонтын жасап жатқаны туралы жазған болатынбыз. Осыған байланысты Созақ аудандық білім бөлімі түсініктеме берді.
Ведомствоның айтуынша: “Мектептің техникалық қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттері шеңберінде ұсақ жөндеу, ретке келтіру, тазалық сақтау және абаттандыру жұмыстарына қатысады. Бұл жерде құрылыс немесе күрделі жөндеу жұмыстары техникалық қызметкерлерге жүктеліп отырған жоқ”, - делінген хабарламада.
Білім бөлімінің мәліметінше, қызметкерлер қосымша немесе артық жұмысқа тартылмаған. Олар барлық жұмыс қолданыстағы еңбек талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр екен.
“Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде және заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Қоғамды нақты деректерге сүйенуге шақырамыз”, дейді аудандық білім бөлімі.