Қайрат Нұртастың анасы қуанышты жаңалығымен бөлісті

Қайрат Нұртастың анасы қуанышты жаңалығымен бөлісті

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты хабарын жариялап, жүрек жарды тілегін арнады деп жазады Democrat.kz.

Гүлзира Айдарбекова немересінің жүлделі орынды иемденгенін айтып: "Бүгін немереміз, атасының Сезімнен кейінгі жеке қызы Ақмөр қызымыз 1 ші орын иемденіп мәзбіз!

Титтейінен тер төгіп, мектептен шаршап келгеніне, әлсіз нәзіктігіне қарамай, қас қарайғанша қаншама дайындыққа барып қатысып жүргені қуантады. Еңбегі еселене берсін!

Нұртас әулетінің де, Қазақ елінің де мақтанышы болуын Алла қабыл етсін!"деп жазба жариялады. 

 

Барлық жаңалықтар