Қаржы жымқырғаны үшін сотталып, мерзімінен бұрын босатылған Қайрат Сатыбалдыны Қорғаныс министрлігінің колледжінде салтанатты рәсіммен қарсы алған деп жазады Democrat.kz.
stankznews ақпараттық порталының жазуынша, Қайрат Сатыбалды қорғаныс министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы әскери спорт колледжінің түлектері және курсанттармен кездескен.
Сосын батырдың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысқан.
Іс-шараның видеосын колледждің өзі парақшасында жариялаған. Дегенмен кейін ол жазбалар жоқ болып кеткен.
Видеоны неліктен өшірді екен деген сұрақ көптің көкейінде қалып қойды.