"Қасиетсіздік!" деген Ақжүніс министрдің сүйегінен өтетін сөздермен сұрау салды

"Қасиетсіздік!" деген Ақжүніс министрдің сүйегінен өтетін сөздермен сұрау салды
Қоғам белсендісі, танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы Денсаулық министріне үндеу жасап, кеңес берді деп жазады Democrat.kz.
 
"Жұмысыңды адал, шын жүректен істесең, сол нағыз пиар...
ДенСауМинге кеңес:
 
1. Әр ауыл, аудан, қалада қанша халық тұрады - нақты санын біл;
 
2. Қай ауылда, ауданда, қалада қанша емхана, қанша аурухана бар? (Кей ауылдарда, тіпті, қарапайым ғана ем алатын мед.пункт те жоқ...)
 
3. Әр емхана/ауруханада қанша дәрігер маман бар, қанша маман жетіспейді? Соны біл. Кей емханаларда қарапайым ғана УЗИ маманы, МРТ, КТ мамандары жоқ...
 
4. Қай емханаға (ауруханаға) қандай аппараттар, жабдықтар, құрылғылар жетіспейді? Тізімін жаса. Кей емханаларда қарапайым ғана УЗИ, МРТ, КТ құрылғылары да жоқ...
 
5. Науқас неге апталап, айлап дәрігердің қабылдауына кезек күтеді? Неге учаскелік дәрігерлер жарты-ақ күн жұмыс істейді? Неге маман дәрігерлердің қабылдауына жету қиын? Зертте.
 
6. Неге жедел жәрдем ұзақ күттіреді? Неге ауыл, ауданда жедел жәрдем шақырсаң, облыс арқылы келеді? Неге әр ауыл, әр ауданда жедел жәрдем жоқ? Жедел жәрдем фельдшерлері неге керекті бахилымен, керекті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілмейді? Неге олар аяқ киімдерімен төрге баса-көктеп кіреді? Неге бахил кимейді?
 
7. Неге педиатр мамандығы жойылды? Неге ана мен бала өлімі көп?
 
8. Неге мемлекеттік емханалар жекеменшік емханаларға тәуелді? Неге қит етсе жекеменшік емханаларға жібереді?
 
9. Неге жекеменшік емханаларға мемлекеттен мол қаржы бөлінеді? Сол қаржыны неге мемлекеттік емханаларға бөліп, мем.емханалардың деңгейін көтермейді?
 
10. Неге дәрігерлердің айлығы аз?
 
11. Неге дәрігерлер дұрыс диагноз қоя алмай, миома мен полипті ажырата алмай, әйелдерді отаға жібереді? Неге ауруханаларда студент-практикантқа ота жасатып, әйелді маткасынан айырады?
 
12. Неге дәрі-дәрмек қымбат?
 
13. МӘМС қаржысына неге есеп берілмейді?
 
14. МӘМС төленбеген деп науқасты қарамай қою қайдан шыққан қасиетсіздік?
 
Бұдан басқа да мың сауалдың жауабын емес, сол мәселелердің ШЕШІМІН тапсаңыз, одан артық пиар да, қызмет те жоқ...
 
Еліміздің медицина саласына жауапты министр ретінде ІРІ істер атқарыңыз, қордаланып қалған мәселелерді шешіңіз, міне, сонда мен де, басқа да - бүкіл халық онсыз да төбесіне көтеріп алады...
 
(Бір ұрттам су берді деп сонша жарнамалап.... суды бортсерік те, басқа да кез-келген адам береді... дәрігер түгіл, кез-келген адам, қасындағы адамның мазасы қашса, көмектеседі ғой... бұл соншалықты айғайлап, жаһанға жар салатын нәрсе ме?.. Тоба... Сонда да, Станиславский айтпақшы, НЕ ВЕРЮ...))"деп жазды Ақжүніс. 
Барлық жаңалықтар