Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің басы дауға қалатын түрі бар деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде "Ұлпан Шалғын" есімімен жұртқа танымал косметолог Шалғын актер Нұрсұлтан Жақсыгенге ашуланып отырғанын айтты.
Актер әлеуметтік желіде Шалғынға "Менің экс қайын атама ұқсайды. Тура осындай ғой ол да қатын сияқты" деп пікір жазған.
Осы пікірге қатысты Шалғын: "Мына пікірді оқып ішім қайнап отыр….
Мына баланың аузын жабатын кім бар? Әлде сотқа жүгінейін бе?
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (116 б., 115 б.) бойынша жеке адамның «қадір-қасиеті, ар-намысы» сияқты мүліктік емес құқықтары қорғауға жатады. 
• Сонымен бірге, «ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы» атты ұғымдар да қарастырылған"деп жазды.
Шалғынның оқырмандары "сотқа бер, әбден дандайсып кетті бұл" деп шулап жатыр.