2027 жылы Қазақстан Халық кеңесінің жұмысына республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаржы министрлігі бұл қаражат тек жалақыға емес, өңірлік сапарлар, қоғамдық тыңдаулар, сессиялар мен ақпараттық жүйелерге жұмсалатынын түсіндірді, деп жазады Democrat.kz.
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, 1,7 млрд теңгені кеңес мүшелерінің санына бөліп, олардың жалақысы ретінде қарастыру дұрыс емес.
Бюджетке халықпен кездесу үшін өңірлерге сапарлар, форумдар, қоғамдық консультациялар, тыңдаулар мен сессияларды ұйымдастыру шығындары енгізілген.
Сонымен бірге кеңестің жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерге де қаражат жұмсалады.
Кеңес мүшелеріне жалақы төленеді, алайда Қаржы министрлігі оның нақты мөлшерін жариялаған жоқ. Вице-министр бұл мәліметтің қызметтік ақпаратқа жататынын айтты.
Жаңа конституциялық органды қыркүйектің екінші жартысында қалыптастыру жоспарланған. 1,7 млрд теңге 2027 жылғы бюджет жобасында қарастырылған.