Сенаттағы брифингте журналистер сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтен Таяу Шығыстағы соғыстың отандық бизнесмендерге әсерін сұрады. Ол көптеген бизнес жобалары қазір тоқтап тұрғанын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтың айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер күту режимінде. Дегенмен вице-министр нақты жобаларды атай алмады.
"Бізде астық жеткізілімдері болды. Азық-түлік өнімдерін өзара алмасу жобалары болды. Олар қазір тоқтап тұруы мүмкін", – деді Исетов.Вице-министр инвестиция көлемі аз болғандықтан, соғыс салдарынан айтарлықтай шығындар болмағанын айтты.
"Иранмен жақсы серіктестік орнатқанымызды ескерсек, әрине, әсері бар, бірақ ол онша үлкен емес", – деп қорытындылады Исетов.