Жаңа оқу жылында Қазақстан мектептеріне 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Оқушы санының өсуіне байланысты кей өңірлерде мектептердің шамадан тыс толуы мен мұғалімдерге түсетін жүктеме мәселесі қайта көтерілді, деп жазады Democrat.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ең көп бірінші сынып оқушысы Түркістан облысында күтіледі — 50 мыңнан астам бала.
Алматы облысында бірінші сыныпқа 35 мыңнан астам оқушы бармақ.
Оқушы саны көп мектептерде сыныптардың толуы педагогтердің әр балаға жеке көңіл бөлу мүмкіндігін азайтуы ықтимал.
Министрлік жаңа оқу жылында инфрақұрылымның мұндай жүктемені қабылдауға қауқарлы екенін мәлімдеді.
2026–2027 оқу жылында ел бойынша тағы 101 жаңа мектеп салу жоспарланған. Оларда шамамен 60 мың оқушы орны болады.
Билік жаңа мектептер мен қосымша педагогтер қолданыстағы оқу орындарына түсетін жүктемені азайтады деп күтеді.