1930 жылы құрылған Алматы ипподромы коммуналдық меншікке қайтарылды. Қала билігі тарихи кешеннің жерін басқа мақсатқа бермей, оның ат спортына арналған негізгі қызметін сақтап қалуға уәде берді, деп жазады Democrat.kz.
Алматы ипподромы Орталық Азиядағы көне ат спорты нысандарының бірі саналады.
Кешеннің аумағы 39,1 гектарды алып жатыр. Ол шамамен үш мың көрермен қабылдап, 300-ге жуық жылқы ұстауға есептелген.
2001 жылы «Ипподром» АҚ банкрот болғаннан кейін мүліктік кешен жеке құрылымдарға сатылған еді.
Енді нысан қайтадан Алматының коммуналдық меншігіне өтті.
Қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында ипподром аумағының функционалдық мақсаты сақталған және оны өзгерту жоспарланбайды.
Келесі кезеңде ипподромды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді. Трибуналар, ат қоралары, жарыс жолдары және инженерлік желілер кезең-кезеңімен жаңартылмақ.