Әлеуметтік желіде "Шерзат ісінде" өткір өлеңдерімен танылған ақын Ербол Бықыбаевтың дінге қатысты пікірі қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
ТикТок желісінде тараған видеода ақын Ербол Бықыбаевтың: "Мен құдайақы сотталып кетуге дайынмын! Пайғамбарымызға, Аллаға тіл тигізетін ондай наданды мен өлтіріп тастасам да өкінбеймін бауырым.
Уаллаһи, Ербол деген ақын атым үшін, мен Аллаһтың құлымын. Маған сендердің президенттерің, заң, орган дегендерің қызық емес.Маған тек Алла, болды", - деген дауыстық жазбасы тарады.
Бұл дыбыстық жазба ТикТоктағы діни тақырыпқа арналған Арман Байжігіттің тікелей эфирдегі стримінде айтылған дейді осы видеоны бөліскен адам.
Әлеуметтік желі қолданушылары танымал ақынның мынау сөздерінен шошығаны сонша, жағаларын ұстауда.
Ал танымал блогерлер "ақылға кел" деп ақынды сабасына түсіге шақыруда.