Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа жуық 80 коммерциялық келісімге қол қойды

Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа жуық 80 коммерциялық келісімге қол қойды

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы келіссөздер нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 19 млрд доллар болатын 80-ге жуық коммерциялық келісім жасалды. Енді Қазақстан Үкіметі жобалардың нақты орындалуын бақыламақ, деп жазады Democrat.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» бизнес-саммитінде екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталғанын айтты.

Президенттің мәліметінше, сапар аясында шамамен 80 коммерциялық келісімге қол қойылған. Олардың жалпы құны 19 млрд долларға жуықтайды.

Жобалар технология, өнеркәсіп, энергетика, көлік, инвестиция және басқа бағыттарды қамтиды.

Тоқаев келісімдердің жай ғана ниет хаттары болып қалмауы керектігін айтып, Үкімет жобалардың уақытылы орындалуын қадағалайтынын мәлімдеді.

2027–2030 жылдарға арналған Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы да әзірленеді.

Қазақстан тарапы кореялық компанияларға инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Барлық жаңалықтар