Қазақстанда астықтың 70%-ы жиналды: 15,5 млн тонна өнім алынды

Қазақстанда астықтың 70%-ы жиналды: 15,5 млн тонна өнім алынды

Қазақстанда астық жиналатын алқаптардың 70 пайызы орылып, 15,5 млн тонна дән бастырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі өнім көлемі ішкі азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті екенін мәлімдеді, деп жазады Democrat.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, дәнді дақылдар 10,9 млн гектар алқаптан жиналған.

Орташа өнімділік гектарына 14,1 центнерді құрады. Жалпы астық көлемі 15,5 млн тоннаға жетті.

Майлы дақылдар 1,3 млн гектардан жиналып, 1,3 млн тонна майлы тұқым алынған.

Сонымен қатар 2,6 млн тонна көкөніс, 1,9 млн тонна бақша өнімі және 1,8 млн тонна картоп жиналды.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арналған жеңілдетілген кредит бағдарламалары арқылы шаруалардың 664,4 млрд теңгелік өтінімі қаржыландырылған.

Қазақстандағы астық сақтау қуаты 30,5 млн тоннаны құрайды. Министрлік бұл көлем жаңа өнім мен бұрынғы қорды орналастыруға жеткілікті екенін мәлімдеді. 

Барлық жаңалықтар