Қазақстанның жаңа бір палаталы Парламенті — Құрылтай заң жобаларын қараудың жаңартылған тәртібін бекітті. 10 қыркүйекте депутаттар жаңа Конституцияға бейімделген алғашқы регламентті қабылдады, деп жазады Democrat.kz.
10 қыркүйекте Құрылтайдың екінші отырысында депутаттар жаңа парламенттің жұмысын реттейтін регламентті қабылдады.
Құжат бұрынғы Мәжіліс пен Сенат регламенттерінің негізінде жасалғанымен, Қазақстанның жаңа Конституциясы мен бір палаталы Парламент моделіне сәйкестендірілген.
Негізгі өзгерістер заң жобаларын енгізу, комитеттерде қарау, жалпы отырысқа шығару және қабылдау рәсімдеріне қатысты. Бұрын заң Мәжіліс пен Сенаттан кезекпен өтсе, енді бұл процесс бір палатаның ішінде жүргізіледі.
Бұған дейін Мәжіліс қарауына қабылдап қойған заң жобалары да жоғалып кетпейді. Оларды жаңа Құрылтайдың тиісті комитеттері мен жұмыс органдары жалғастырып қарайды.
Регламент депутаттық сауалдар, парламенттік тыңдаулар, комитеттердің қызметі және Құрылтайдың басқа мемлекеттік органдармен жұмыс тәртібін де белгілейді.