Қазақстандықтар 2026 жылғы сәуір айында 8 күн демалады, деп хабарлайды Democrat.kz.
Бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін азаматтар үшін сәуірде 8 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.
Биыл сәуір айында мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан ұзартылған демалыс күндері қарастырылмаған. Қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері ғана демалады.
Ал алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні белгіленген.
Айта кетейік, сәуір айы қосымша демалыссыз өтетіндіктен, жұмыс пен жеке жоспарларды алдын ала реттеп алған жөн.