Қазақстанның 13 өңіріндегі 663 мектепте 6784 сынып қашықтан оқуға көшті, - деп жазады Democrat.kz. Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
2 желтоқсандағы жағдай бойынша Оқу-ағарту министрлігі 663 мектептегі 6784 сыныпты қашықтан оқу форматына ауыстырды. Шектеу 13 аймаққа әсер етті:
- Қостанай облысы - 167 мектеп, 2727 сынып;
- СҚО - 64 мектеп, 247 сынып;
- Ұлытау облысы - 15 мектеп, 93 сынып;
- Маңғыстау облысы - 1 мектеп, 1 сынып;
- Ақмола облысы - 58 мектеп, 268 сынып;
- БҚО - 3 мектеп, 6 сынып;
- Жамбыл облысы - 20 мектеп, 986 сынып;
- Астана - 46 мектеп, 462 сынып;
- ШҚО - 119 мектеп, 1034 сынып;
- Абай облысы - 48 мектеп, 299 сынып;
- Қарағанды облысы - 47 мектеп, 260 сынып;
- Атырау облысы - 18 мектеп, 94 сынып;
- Павлодар облысы - 57 мектеп, 307 сынып.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.