"Қазір қазақша сөйлеген кісімен Алла о дүниеде арабша сөйлесе ме?"

"Қазір қазақша сөйлеген кісімен Алла о дүниеде арабша сөйлесе ме?"
Қоғам белсендісі Қалқан Қарулы Ислам дініне қатысты маңызды және ақылға қонымды сауалды ортаға салды деп жазады Democrat.kz.
 
"Имамдар Ислам Діні -араптың діні емес,бүкіл адамзатқа түскен дін деп айтады.
 
Құранда біз адамзатты жеке жеке Ұлт қылып жараттық және ұлысқа бөліп қойдық деп айтылады.
 
Бірақ неге Имамдар осы Ұлттың бәрі о дүниеде , қабірде арап тілінде сұралады деп айтады ?
Неге әрбір Ұлт өз тілінде сұралмайды, егер
 
Жаратушының өзі Ұлттарды бөлек бөлек ұлт қылып жаратқан болса?
Неге бірнеше жүздеген Ұлттар өз тілінде емес, тек осы арап тілінде қабірде жауап беруі керек?
 
Қазақ болып туылған немесе Өзбек болып туылған Ұлт, о дүниеде неге өз тілінде емес, айдаладағы арап тілінде жауап беруі керек.
 
Адамдар жасаған қылмысы немесе күнәсі үшін осы жарық дүниеде заң бойынша ғана жауап беруі керек.О дүниелік адамнан жасаған қылмысы үшін қандай жауап аласың?
 
Мысалы : Назарбаев қазір өмірде бар.Осы Назарбаев барлық жасаған ауыр қылмыстары үшін осы қазір жауап беруі керек еді.
 
Ертеңдері Назарбаев өліп кетсе, бұл адам жазадан құтылып кететін болады. Алла өзі жазалайды деп, діншілдер айтып отыра берсе керек.
 
О дүниеде не болып жатқанын, Алланың атынан кімдердің жазаланып жатқанын қазіргі тірі адамдар қалай біле алады?
 
Назарбаевтың ол дүниеде азапталып, тозақ отына түсетінен қалай біле аламыз?
Тек арап тілінде сұралатын болса, онда Жаратушы бүкіл адамзатты арап қылып жарата салмады ма екен?
 
Осыдан шығатын қортынды, Ислам діні және Құран осы араптардың өзіне арналып жазылғаны анық байқалып тұр емеспе?!
 
Жаратушы барлық ұлтты тең қылып жаратты.Ешбір ұлт басқа ұлттан артық да, кем де емес.
Олай болса, қай елдің жері де, топырағы да, тасы да, сыйынатын жері де қасиетті болып қалады.
 
Осылардан бөліп алып, шөл даладағы Меккені мұсылмандарға қасиетті жер қылып көрсетуі - бұл Діннің ғана идеологиялық әрекетінен болып отыр"деп жазды Қалқан Қарулы.
Барлық жаңалықтар