Әлеуметтік желі парақшасында жазба жариялаған "Дикий Арманның" әйелі Айкөл Аликжанова жан сырын ақтарды деп жазады Democrat.kz.
Айкөл Аликжанова марқұм енесінің ескі видеосын жариялап, "мына видеода апулям, Арманым және Мариям Медина қызым төртеуіміз...
Бұл менің ең сүйікті видеоларымның бірі. Бұл жерде біз өте бақытты едік. Үлкен үй сатып аламыз, сол жерде қызымызды бірге өсіреміз деп армандаушы едік.
Алла бізге аз сынақ бермеді. Енемді өте жақсы көрдім. Енем менің қорғаным еді. Қиын сәттегі қолдаушым еді. Оның өмірден өткеніне сене алмастай қиын жағдайдамын.
Оның төсегіне келіп, оны бұрынғыдай құшақтай алмаймын. Ол бұрынғыдай Мариям екеуімізді күтіп алмайды.
Енемнің денесін өзім жудым. Жас сәбидей иісі аңқып тұрды. Жұма күні кетті. Ол шейіт болды деп үміттенемін" деп жазды.