"Өнер қырандары" әзілкештерінің "Абай бол" фильмінің премьерасына арнайы келген діндар Бекболат Тілеухан фильмге қатысты пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
Өз сөзінде Бекболат Тілеухан: "Сендер өз мақсаттарыңа жеттіңдер. Қоғамның шиқанды іріңін бырқ еткізіп дөп бастыңдар.
Сезетін адам бұл киноның астарын өзі сезеді. Оразаның қарсаңында көрсетіп жатсыңдар. Бұл қазаққа жасаған сыйларың. Лудомания, алдау іріңін бастыңдар.
Тура Абай айтқан кезеңде тұрғанда абайдай болсын! Бірінші киноңнан екінші киноң күшті болды. Үшінші киноларың бұдан да жақсы болсын", деп "Өнер қырандарына" тілегін білдірді.