Қ.Сатыбалдының азаматтық некедегі әйелі тағы да сұмдық шындықтарды жариялады

Қ.Сатыбалдының азаматтық некедегі әйелі тағы да сұмдық шындықтарды жариялады

Қайрат Сатыбалдының азаматтық некеде болған әйелі өзінің "Ұлыс.медиаға" берген сұхбатында Назарбаевтар әулетінің жұрт білмейтін сұмдықтарын бүкпесіз айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Асылжан Есенқызы өзінің сұхбатында Қайрат Сатыбалдымен Мәскеуде студент болып жүрген кезінде танысқанын, ол кезде Қайраттың атақты әулеттің адамы екенін білмегенін айтады. 

"Қайрат Сатыбалдының менен басқа да имам некелі әйелдері болды. Біздің бірге болуымызға Назарбаевтар әулеті қарсы болды. Тіпті Назарбаевтың өзі "менің қателігімді қайталама" деп Қайратқа кеңес берген. 

Қайраттың ресми әйелі Гүлмираны отбасылық шараларда көретінмін. Маған жаман көзімен бір қарап, өтіп кететін. Қазір оның түрмеде отырғанына жаным ашиды. Әйел ретінде жаным ашиды. 

Жұрт мені Сатыбалдыға байлығы үшін тиді деп ойлайды ғой. Ал шындығында, егер мен оның байлығы үшін тиген болсам, бала тауып, оны өзіме байлауға тырысар едім. 

Керісінше мен төрт жыл бойы бала көтермеу үшін контрацептиктік дәріні Сатыбалдыдан жасырып ішіп жүрдім. 

Бала тумаймын деп сақтануымның екі себебі болды. Біріншіден, Қайраттың жақындары менің орныма көнбістеу басқа әйел іздеді. Екіншіден, мен ол адамды танығым келді. Ол тұрақты ма, сенімді ме деп сынап көргім келді", деген Асылжан Есенқызы айналасындағылар Қайрат Сатыбалдыға "бізде монархия болса екен, сіз президент болсаңыз екен, сіз президент болуға лайықсыз" деп жиі айтқанын естігенін де жеткізді. 

 

Барлық жаңалықтар