Қуат Найман: "Қайрат Әділгерейді шапалақпен шарт екізу керек"

Қуат Найман: "Қайрат Әділгерейді шапалақпен шарт екізу керек"

Жеті септікті білмеген спортшы Қуат Найман саспайтын кейіп танытты.  Есесіне ол Қайрат Әділгерейді «шапалақпен шарт еткізу керек еді» дейді деп жазады Democrat.kz.


Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз бұрын Қайрат Әділгерей жүргізген «Жұлдызбысың» бағдарламасында Хамитовке қазақ тіліндегі септіктер жайлы сұрақ қойылған еді.

Алайда, аралас жекпе-жек шебері «септік деген немене?» деп, Қаратқа қайтара сұрақ қойып, жұртты қыран топан күлкіге қалдырған. 

Осы әрекетін әзілге алып, алдын көп кес-кестейтіндер көп болса керек, спортшы ашуға булықты. Мәселен, ол тикток желісінде отырғанда желі қолданушыларының бірі септіктің жайын одан тағы сұрады.

Арқаланып кеткен спортшы бұдан соң ашуға беріліп,  жауабын бейәдеп сөздермен жалғастырды. Тіпті бағдарламаны жүргізген Әділгерейге қарата «Адам өзі өлейін деп отырса «септік деген не?» дейді ғой. Шапалақпен шарт еткізу керек еді соны. Бағдарлама біткенше оянбайтын еді» деді. 

Мұны көрген желідегі жұрт спортшының білегіне ғана сүйенгеніне қынжылыс танытты.

«Бәрін тек күшпен жеңем деп ойлайды-ау, кезінде оқу керектігімен шаруасы жоқ» , «Ұрғанда түрмеде септик тазалап жүретін едің бес жыл», «Білімсіз бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Бауырым, боқтамай айт. Сенің артыңда қанша жастар, халық жүр. Ондайға көңіл бөлме», – деді Қуаттың ашуын қайтаруға тырысқан көпшілік. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар