Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялап, жұртты ойлантып қойды деп жазады Democrat.kz.
"Құдай – жүрегіңде. Құдаймен байланысты әркім әртүрлі жолмен іздейді. Ол сенің жүрегіңдегіні көруші. Айғайлағаныңды емес шын ниетпен жасаған дұғаңды естуші. Көзге көрінбейтін, сөз боп айтылмайтын, тек сезінуден тұратын ұлы күш. Үнсіз сырласу.
Құдаймен байланыс – ішіңе түскен жарық. Оны сырттан іздеудің маңызы жоқ, ішіңе үңіл.
Жаның тереңдеген сайын, жүрегіңді тыңдаған сайын, арзу-тілегіңді Оған жолдаған сайын кеудеңдегі жарық жарқырай түседі.
Құдайға жақындау үшін мінсіз болу шарт емес. Ол бәрін білуші, бәрін көруші! Ең әлсіз, ең қауһарсыз сәтіңде де ол сенімен бірге. Дұғаңды қабыл алушы. Шын жүректен шыққан тілегіңді сезуші.
Жауабын сол сәтте бермеді екен деп, күрсінбе. Ол ненің қайырлы, ненің қайырсыз екенін анық біледі. Үнсіз ғана тілдесуді тоқтатпа. Жаныңа жайлылық, жүрегіңе сабыр беруші де – Құдай. Мұның өзі белгі.
Құдаймен байланыс – өзіңді, ішкі күйіңді тыңдай білу. Бұл – мойындау. Бұл – сенім.
Тек таза көңілмен, шын ниетпен, ақиқат сөзіңмен, шынайы болмысыңмен мінәжат ет, ол сені естиді.
Ол сенің айтқаныңды ғана емес, айтылмай қалғаныңды да көруші.
Құдайды іздеп әуре болудың да қажеті шамалы. Ол – жаныңда. Жүрегіңде.
Ол сені әлдеқашан тауып қойған", деп жазды Фариза Төреәлі.