Белгілі қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан қазіргі елдегі отбасылардың ажырасу мәселесінің көбейіп бара жатуының бір себебін айтып, салдарына үңілді деп жазады Democrat.kz.
"Қазақ Елінде қатын бала-шағасын тастаған еркектердің алимент қарызы 18 млрд теңге дейді.
Реальная цифра едәуір жоғары болуы мүмкін депті әуелі. Масқара ма? Масқара!
Себептердің ең бастысы
"4 қатын алуға болады" деген "құдай" сөзі.
Жанұя, бала-шаға алдында еркекті жауапкершіліктен "босатқан" да, әйелдің шиттей бала-шағамен зарлап жалғыз қалуына да дәл осы ұғым кінәлі. Қатыныңмен жараспаған шығарсың, ал, бала-шағаның не кінәсі бар?
Қатыныңның мінезі жаман екенін немесе өзіңнің нантабар мүмкіндігіңнің жоқтығын 5-6 бала тапқызғанша неге білмегенсің?
Уот, тараптар (еркек, әйел) әуелі қышуларын тегін қандырып жүреді, ал, бала өсіп—шығыны көбейгенде бірін екіншісі кінәлайды, жауапкершіліктен қашады.
Менің күйеуге тиген үлкен қызымнан жалғыз жиенім бар, 5 ке келеді биыл.
Ол 2 ден асқанда қыз-күйеуге мәселе баланың санында емес, сапасында екенін, бір баланың айлық (300 мың теңге) шығынын өздеріне есептеттіріп—"не істесеңдер де ойланып істеңдер" деп миларына құйғанмын.
Көп бала таптырып, оны баға-аламай отырғандарын көру мен үшін ауыр болатынын білдім, айттым сосын.Кеңес заманында баланы өкімет баққан.Өйткені қоғамға қойшы, сиыршы, жылқышы, тракторист керек болды.
Қазіргі саясат бергенін еселеп қайтару, яғни, оқу, емделу, жұмысқа тұру, оны сақтап қалу бәрі ақша.
Адам кейіпте өмір сүрудің екі жолы бар:
1. Көп балаңа жағдай жасауды биліктен талап етесің;
2. 1-2 баламен шектелесің.
"Бір қой егіз туса, жерге бір жусан артық шығады" деген өтірік мәтел.
Қазір балаларыңды баға алмай не тығылып өлесің, не "басқаша" өлесің, басқа жолы жоқ мұның..."деп
жазды Төртуыл Шоқан.