Құрылтай: Қазіргі сағаттағы сайлау нәтижесі қандай?

Құрылтай: Қазіргі сағаттағы сайлау нәтижесі қандай?

Орталық сайлау коммисиясы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруіне қатысты кезекті ақпаратын жариялады  деп жазады Democrat.kz.

Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10.00 – дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы келесідей:

1. Астана қаласы бойынша – 17,01%.
2. Абай облысы бойынша – 17,35%.
3. Ақмола облысы бойынша – 18,91%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 20,28%.
5. Алматы облысы бойынша – 17,19%.
6. Атырау облысы бойынша – 18,75%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 17,97%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 18,25%.
9. Жетісу облысы бойынша – 20,87%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 21,06%.
11. Қостанай облысы бойынша – 17,92%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 22,91%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 16,92%.
14. Павлодар облысы бойынша – 15,98%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 17,52%.
16. Түркістан облысы бойынша – 20,39%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 19,41%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 19,93%.
19. Алматы қаласы бойынша – 9,96%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 20,39%.

Жалпы, еліміз бойынша сағат 10.00-де 2 264 411 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 17,96 % -ын құрады.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 12.00-де беріледі.

Барлық жаңалықтар