"Құттықтауларыңызды қабылдаймыз"деген Төрештің әйелі ерекше жазба жариялады

"Құттықтауларыңызды қабылдаймыз"деген Төрештің әйелі ерекше жазба жариялады

Бірнеше күн бұрын сахнада ән айтуына тыйым салынған әнші Төреғали Төреәлінің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында өзі шығарған әнді жариялап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді деп жазады Democrat.kz.

Төреғали Төреәлінің келіншегі Толқын қызы Кәсарының туған күні екенін, тұңғыш перзентіне жүрегінен шыққан өз өлеңін арнағанын айтты.

"Кәусарымның 11 жасы құтты болсын. Анасының жүрегінен шыққан өлеңі. Құттықтаурыңызды қабылдаймыз.

Тұңғышым -Жанымның сен шамшырағы
Туылдың алты айыңда асық бәрі
Өмірге келе сала ауыр дертпен
Отбасың күресуде міне әлі

Ботам ау, жанымның сен шамшырағы
Қытайдың елінде өтті 5- жыл тағы
Дертіңнен айықтырам деп әкешің
Дамылдамай келеді жаным әлі

Құлыным 11 жылың күресумен
Қанша ота қанша, көзден жас төгілген
Тағдырға кейде жылап қынжыласың
сұрағың қашан жүріп? қашан сөйлейм?

Ботам ау ата-әженің тұңғыш тәттісің сен
Қайдан емі қонар деп әуреленген
Жанарыңнан көретін тауқыметті
Бізге бере салшы деп дұға еткен

Қасиетің бар сенде Алла берген
Ғайыптың сырларынан ілім келген
Сүйіншілеп келесің отбасыңды
Сенімен әрбір күнім бақыт білем

Құтты болсын, Кәусарым 11 жасың
Құттықтаймыз халқыңмен дұға тілеп
Денің сау, армандарың орындалып
Сүйінші сұрайықшы:
Төрештің Кәусар қызы жүріпті деп"деп жазды Толқын Тұрарбекқызы. 

Барлық жаңалықтар