"Қыз ұзату салтымыздан айырылып қаламыз": Жаңа тренд дәстүрімізді "өлтіре ме"?

"Қыз ұзату салтымыздан айырылып қаламыз": Жаңа тренд дәстүрімізді "өлтіре ме"?

Соңғы уақытта "қыз ұзату" салтының басқаша бір түрі белең алып, трендке айнала бастады деп жазады Democrat.kz.

Қазақтың "қыз ұзату" дәстүрінің өзіндік ерекшеліктері сыңсу айтып, қызды жаңа өмірге шығарып салу болса, ал қазіргі "тренд қыз ұзатуда"бәрі керісінше. 

Ұзатылатын қыз рэп әуендегі музыкаға шошаңдай билеп шығып, табанының астындағы ақ матада тапырақтай билеп жүріп өтеді. 

Өзін шығарып салып тұрғандарға қолын бұлғап, секеңдей билеп, "ұзатылып" жатқан қыздардың бұл тренді біреулерге ұнаса, енді біреулерге ұнамады. 

"Әр нәрсе өз тәртібімен болуы керек", "мынадай шошаңдаған келінді болашақ жұрты ұната қоймас", "бұлай кете берсе, "қыз ұзату" салтымыздан айырыламыз" деген пікір жазушыларға "осылай жақсы", "жылап, еңіремей, оылай кету керек", "мұнда тұрған ештеңе жоқ"дескен қарсы сөздер жазылуда. 

Барлық жаңалықтар