Танымал әнші Жазира Байырбекова бір тойда сөз сөйлеп, сынға қалды деп жазады Democrat.kz.
"Бұрын қазақтың қызы басқа ұлтқа тұрмысқа шықса, жылап қалатынмын. Ал қазір менің көзім ашылды, ойым өзгерді.
Мен қазір қыздарымыздың басқа ұлтқа шыққанына кәдімгідей қуанатын болдым. Қыздарымыз бақытты болса екен" деді Жазира Байырбекова.
Әншінің бұл сөзі жұртқа жақпай қалды. "Бұған ақша берсе, болды ғой", "дұрыс емес", "олай айтпауың керек еді", "не сөз мынау" дегенге саятын пікір жазуда.