Қызыл дипломмен қаңғып жүрген қыз шарасыздықтан өкіріп жылады

Қызыл дипломмен қаңғып жүрген қыз шарасыздықтан өкіріп жылады

ТикТок әлеуметтік желісінде жарияланған бұл видео қазіргі жұмыссыздық проблемасының ең шиқанды жарасын тырнап өткендей әсер етті деп жазады Democrat.kz.

Еліміздегі бір әкімдік ғимаратында ызаланып жылаған қыз: "Бір емес, екі дипломым бар. Оның біреуі қызыл диплом. Жұмыссыз сандалып жүрмін.

Ол аздай мені ит қылып "дворник" те қылдыңдар ғой! Кім көмектеседі? Халқым, көмектесіңдерші!"деп еңіреп жылады. 

Қолындағы бірі қызыл, бірі көк дипломын жерге атып ұрған шарасыз қыздың осынау шырылы еліміздегі жұмыссыздық, жемқорлық атты қансыраған жараны тырнап өткендей. 

Шырылдап жылаған қыздың видеосына қатысты жұрт "ақшаң, танысың болмаса, қанша қызыл дипломың болса да, дұрыс жұмысқа тұра алмайсың бұл елде", "барлық жерде пара сұрайды", "бұлай сандалып, шарасыз шырылдап жүрген кісі қаншама" дегенге саятын пікір айтып, әділетсіздік жайлаған қоғамға наразылықтарын білдіруде. 

Барлық жаңалықтар