Қызылорда облысында 16 жастағы қызға сексуалдық зорлық жасады деген күдікпен бұрынғы көгалдағы хоккей жаттықтырушысы қамауға алынды. Спорт басқармасы күдіктінің 2024 жылдан бері спорт мекемелерінде жұмыс істемейтінін мәлімдеді, деп жазады Democrat.kz.
Облыстық полиция кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны интимдік қатынасқа мәжбүрлеп, кейін бопсалаған және басқа ер адамдарға интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.
Істе тағы бір фигурант бар. Ол да қамауға алынған.
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы негізгі күдіктінің екі жыл бұрын, яғни 2024 жылы жаттықтырушы қызметінен толық босатылғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта ол облыстың спорт мекемелерінде жұмыс істемейді.
Сонымен қатар қыздың туыстарының жаттықтырушыға қатысты әрекеттері бойынша да жеке тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің кінәсі сот үкімі шыққанға дейін дәлелденген болып саналмайды.