Арал ауданында демалыста жүрген учаскелік полиция инспекторы тұрмыстық жанжал кезінде алған жарақаттарынан қаза болды. Полиция күдіктінің жеке басын анықтады және оны ұстау шараларын жүргізіп жатыр, деп жазады Democrat.kz.
Қайғылы оқиға Қызылорда облысының Арал ауданында болған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, учаскелік инспектор сол уақытта еңбек демалысында жүрген.
Тұрмыстық негізде туындаған жанжал кезінде оған дене жарақаттары салынған. Инспектор алған жарақаттарынан көз жұмды.
Полиция күдіктінің жеке басын анықтаған.
Ерекше назар аударатын жайт — күдікті бұған дейін марқұм болған инспектордың өзі тарапынан отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде.