Қызылордада тағы зорлық оқиғасы:15 жасар қызды зорлаған жігіт ұсталды

Қызылордада тағы зорлық оқиғасы:15 жасар қызды зорлаған жігіт ұсталды

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен дос болып араласқанын айтты, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты  Orda.kz.-ке сілтеме жасап. 

Жасөспірім қыз жігітпен жұмыс істеп жүргенде танысқан екен. Екеуі дос болып араласып, ортақ таныстарының үйіне қонаққа барған. Жігіт қызды алғаш рет сол жерде зорлапты. Тіпті, жігіт қызды зорлап болғаннан кейін үйіне өзі алып барып тастаған. Болған оқиғаны ешкімге айтпауын тапсырып, қоқан-лоқы көрсеткен. 

 

Студент жігіт бұл азғындық әрекетін бірнеше рет қайталаған. Кейін болған оқиғаны қыздың анасы біліп қояды. Жігіт кешірім сұрап келіп, қызға үйленетінін айтады. 

Жігіт қызға үйленгенімен, оны ұрып-соғып қинайды. Тіпті, әйелінің саусақтары мен қолдарын тіліп тастайды. 

Полиция болған жағдайдан кейін жігітті қамауға алды.

«Кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр», деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Барлық жаңалықтар