Ресейдегі су тасқынында халық өзі бөгет соғуда

Ресейдегі су тасқынында халық өзі бөгет соғуда

Орынбор маңындағы ауыл тұрғындары үйлерін су тасқынынан құтқарып қалған бөгетті өздері салып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Олар шамамен 3 миллион рубль жинап, бес күн бойы тәулік бойы жұмыс істеген. Бөгеттің ұзындығы – 1,5 шақырым. Тұрғындардың айтуынша, олар әкімшіліктен ешқандай көмек алмаған. Сондай-ақ тұру ережесін бұзғаны үшін төтенше жағдай кезінде берілетін төлемді де алмаған. Олардың сөзінше, тіпті кейбір шенеуніктер оларды рұқсатсыз жұмыс істеп, бөгет салғаны үшін жазалаймыз деп қорқытқан.Таңғы 8:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 776 см болып тұр, яғни су 8 см көтерілген. 13 сәуірде Жайық өзеніндегі Орал гидрологиялық бекетінде су деңгейі 743 см-ге дейін көтерілді, қауіпті деңгей 850 см болды. Облыстың ішкі өзендерінің көбінде су тасқыны шарықтау шегіне жетті. Фото ашық дереккөзден алынды.  
Барлық жаңалықтар