Роза Рымбаева бір дөкейдің қысымына ұшырағанын айтты

Роза Рымбаева бір дөкейдің қысымына ұшырағанын айтты

Қазақ ән өнерінің падишасы, сахна саңлағы Роза Рымбаева Тимур Балымбетовке берген сұхбатында өзін жеке көзқарасы үшін ұзақ жылдар бойы сахнадан шеттеткен ықпалды тұлғалар туралы бүкпесіз баяндады деп жазады Democrat.kz. 

Сұхбат әншінің сахнадағы шығармашылығына 50 жыл толуына орай түсірілген деректі фильм аясында өтті. Роза Рымбаева өнер жолында тек көрерменнің емес, биліктегі адамдардың да қысымына тап болғанын жасырмады.

Оның айтуынша, жеке ұстанымы мен тура мінезі үшін бір министр оны концерттерден алып тастап, кейбір өңірлерде әкімдердің шешімімен сахнаға шығуына мүмкіндік берілмеген.

Тимур Балымбетов: “Бір кезеңде сіз бұрынғы әкімдердің біріне жақпай қалғаныңыз үшін, тұтас 8 жыл бойы сол қалада концерт беруге, сахнаға шығуға мүмкіндік алмағаныңыз айтылады. Сонымен қатар, сізді барлық концерттерден алып тастаған бұрынғы мәдениет министрі де болғаны белгілі. Осы ақпарат қаншалықты рас?

 Роза Рымбаева: “Иә, ондай министр болды. Мен кейбір нәрселерге бей-жай қарай алмаймын. Мәселен, ол жерде әділетсіздік болса, көз жұма қарай алмаймын. Мен үлкен адаммын, кішкентай қыз емеспін ғой. Менің сахнада жүргеніме 50 жыл болды, жасым туралы айтпай-ақ қояйын.

Мен өз жолымды тапқан ересек адам ретінде оған құқығым бар деп есептеймін. Неге мен өз пікірімді айтпай, бұғып қалуым мүмкін? Неге мен айтпауым керек? Мен ешкімді сырттай жамандап жатқаным жоқ, бәрін бетке айтамын. Ондай адам ешкімге ұнамайды”.

Дереккөз: Kerekemes.kz.

Барлық жаңалықтар