Әнші Роза Рымбаева басынан өткен бір оқиғасын айтып, жұрттың сынына қалды деп жазады Democrat.kz.
"Кезінде Республика сарайына жетемін деп, жаяу бардым. 66 автобусқа Жандосов - Айманов аялдамасынан отырып, үш аялдамадан кейін түсіп қалып, Республика сарайына дейін жаяу барғанмын.
Себебі маған Сара апам "терезеден қарап отырасың, сарай көрінгенде, түсіп қаласың" деп. Содан мен өзіме сарай "Цирк" аялдамасында көрініп, сол жерден түсіп қалып, сарайға дейін жаяу бардым. Себебі ол кезде Алматыға бірінші рет келуім еді", дейді әнші.
Роза Рымбаеваның бұл естелігі жұртқа аса ұнай қоймады. "Осыны да әңгіме етіп айтып тұр ма", "3-4 аялдама жүру де сенсация ма", "Мақпалға жетпейді", "халық үшін істеген сөзі жоқ, басқа не айтады", "өмір бойы жаяу жүргенбіз", "мына кісі тозып кетіпті, танымай қалдым" дегенге саятын пікір жазуда жұрт.


