Блогер Рүстем Жүгінісов сақалына қатысты түсінік берді деп жазады Democrat.kz.
«Әкең тірі болса, сақал қоюға болмайды» дейтіндерге!*
Суретте – Дана Абай атамыздың ұлы *Тұрағұл Абайұлы*.
Сақал қойып, әкесінің қасында жүрген.
Абай атамыз тірі кезінде де баласының сақал қоюына еш қарсылық білдірмеген.
Бұл – біздің дінімізге, мәдениетімізге қайшы емес екенін көрсетеді.
*Алла Тағала Абай атамыз бен Тұрағұлды рақымына алсын!"деп жазды блогер.