"Сәбитті тойдың төріне отырғызып қоймаймын ғой" деген Алтынай Жорабаева бар шындықты айтты

"Сәбитті тойдың төріне отырғызып қоймаймын ғой" деген Алтынай Жорабаева бар шындықты айтты

Әнші Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовтың ортақ қыздары Айнараның ұзату тойына не себепті келмегенін айтып, араларындағы қарым-қатынас туралы бар шындықты айтты деп жазады Democrat.kz.

Журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовтың тойға келмеу себебін: "Қыздар бастапқыда әкелеріне барып, араласқысы келді. Жағдайын сұрап тұрды. 

Ал өзі жағдай сұрамаған соң, не істейміз? Мен тұрмысқа шыққан соң, қыздарым бір жылдан кейін Әлішерге "сізді "папа" десек, бола ма" дегенде, Әлішер екеуіміз де жылағанбыз.

Қыздардың өзі шешеді ғой. Иә, мен "әкелеріңмен араласыңдар" деп талай рет айттым. Алайда кейін қыздарым өз шешімдерін қабылдады. 

Тойдың бүкіл жүгін Әлішер өз мойнына көтеріп, жасап жатыр. Биологиялық әкесі екен деп, Сәбитті төрге отырғызып қоймаймын ғой.Әлішердің жасаған тойына. Маған Әлішердің сезімі маңызды. 

Егер өзі келіп, балалармен араласып жүрсе, түсінікті еді. Ол үйленгенде, ең қатты қуанған адам мен едім. Қыздарын құшағын жайып қарсы алмай жатқан соң...", - деп түсіндірді. 

 

Барлық жаңалықтар