"Сайқымазақ Тұрсынбек жауапқа тартылсын!"дескен жұрт айғайға басты

"Сайқымазақ Тұрсынбек жауапқа тартылсын!"дескен жұрт айғайға басты

Маңғыстау облысы, Шетпе ауданының тұрғындары танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа реніштерін білдіріп, видео үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

"Сайқымазақ Тұрсынбек жауапқа тартылсын! Халық болып талап етеміз!" Деген жазбамен видео таратқан шетпеліктер ренішін білдірді. 

"Тұрсынбе Қабатов Шетпеге 16 желтоқсан концерт қоямыз деп, қарайған халық  16-30-да басталатын сол концертке жиналдық. 

Концерт үшін қаншама адам жиналды. Ал Тұрсынбек "адам аз, келмеймін"депті. 

Бұл халықы менсінбеушілік қой!?"деген жұрттың өкпесі қара қазандай. 

"Тұрсынбек қатынын ғана емес, халықты да алдап жүр екен", "бес баласы емес, бес жүз адамның обалынан да қорықпайды екен" деген концертке келушілер әзілкешті жауапқа тартуды талап етуде. 

 

Барлық жаңалықтар