Бірнеше аптадан бері шаң басқан архивтерден үздіксіз жарыққа шығып жатқан депутат Ардақ Назаровтың тағы бір видеосы әдеттегідей жұртты күлкіге қарық қылды деп жазады Democrat.kz.
Бұл жолы қазіргі депутат Ардақ Назаров жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының бір кездесуі туралы әңгімені айтқан екен.
Назаровтың сөзіне сенсек, Жамбыл Жабаев отырған жерде отырған Бауыржан Момышұлының тамақ жемей отырғанын көріп, жанындағы Сәбит (?) тамақтан алып отыруды айтыпты.
Сөйтсе, Бауыржан Момышұлы бұл жерге тамақ үшін емес, Жамбыл ақсақалдың батасын алуға келгенін айтады. "Әскерге барғанымда "Жамбыл атаның батасын алдым, сарқындысын іштім деп айтамын" деген Бауыржан Момышұлы ақсақалға ыдысын созып, "сақалыңызды сорпаға батырып беріңізші" деп сұрапты.
Сөйтсе, Жамбыл Жабаев "еее, онысы да дұрыс екен. Бірақ мен сақалымды батырып беретін теке дейсің бе?"деп сорпадан бір ұрттап, бармағын батырып берген екен дейді Ардақ Назаров.
Бұл оқиға мен оны айтушы Ардақ Назаров та аса мән беретін нәрсе емес қой қазір.
Алайда видеоның астына жазылған төмендегі пікірлерді Сәкен Майғазиевтің түріне бір қарап қойып оқыған кісінің күлкісін тоқтата алмасы анық деп ойлаймыз.








