"Сәкен Майғазиевті сотқа беріп, бүкіл мал-мүлкін тексерту керек" деген қоғам белсендісі сұмдық жайттарды айтты

"Сәкен Майғазиевті сотқа беріп, бүкіл мал-мүлкін тексерту керек" деген қоғам белсендісі сұмдық жайттарды айтты

Әлеуметтік желіде Берік Сәбитұлы атты азамат әнші, МузАрт тобының мүшесі Сәкен Майғазиевті сотқа беру керек деп үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

Өз сөзінде Берік Сәбитұлы ТикТок парақшасында жариялаған видеосында: "Қазақтар, Сәкен Майғазиевті сотқа беру керек. Сәкен Майғазиев деген алаяқ, сатқын, екіжүзді. 

Қазақтар кедей, құл болып бейшара болып жүрген кезде, Тоқаевқа барып ешқандай әңгіме айтқан жоқ. Халықың жағдайын жоғарыға айтқан жоқ. 

Сәкен Майғазиевті тоқалдыққа аламын. Оны мамасы қыз қылып туған. Мен оны тоқалдыққа алам. Сәкен Майғазиевтің бүкіл малын, мүлкін тексеру керек. Қайдан алды, кімнен алды.

Ол алаяқтықпен алған деп есептеймін өз басым. Тексеру керек. Сәкен Майғазиевтің малы мен мүлкін халыққа қайтарып беру керек", деп аузына келгенін айтты. 

Берік Сәбитұлының бұл видеосына қатысты жұрт "кешірім сұрап, видео жариялап тұрма", "сандырақтап тұр", "түкке түсінбедік" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

Берік Сәбитұлының парақшасын ақтарып, қарап бұл адамның тек Сәкен Майғазиев қана емес, Димаш, Мейрамбек т.б. танымал азаматтар туралы да осыған ұқсас видеолар жариялағанын байқадық. 

Барлық жаңалықтар