Семейде кәрі әжені қорлаған күтушінің әрекеті әшкере болды

Семейде кәрі әжені қорлаған күтушінің әрекеті әшкере болды

Абай облысында көптің жағасын ұстатқан резонансты оқиға орын алды. Семей қаласында күтуші әйел өзі бағып-қағып отырған 91 жастағы әжейге қорлық көрсеткен деп жазады Democrat.kz.

 Бұл сұмдық жағдайды зардап шеккен қарияның немересі әлеуметтік желіде әшкерелеп, дәлел ретінде бейнежазба бөлісті.

Желіде тараған бұл ақпараттан кейін облыстық полиция департаменті дереу тексеріс жүргізіп, күтуші әйелді полиция бөліміне жеткізді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында оның әрекеттерінен Қазақстан заңнамасында көзделген балағаттау, яғни басқа тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін қасақана қорлау белгілері анықталды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл мәселені жіті қадағалап, өз бақылауында ұстап отыр.

Барлық жаңалықтар