Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова белгілі журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында отбасында басталған, болған сұмдық жағдайлар туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
"Арамыздағы проблема жатақханадан өз үйімізге көшкенде басталды. Тұрсынбек өзгерді.
Бір күні мазам кетіп, ұйықтай алмай жатып, теефон қарадым. Сол кезде постымның астына біреу "сенің күйеуіңнің көңілдесі бар екенін білесің бе? Көңілдесіне үй, көлік әперіп, бриллианттарды тағып тастаған"деген комментарийді көрдім. Ауыр тиді.
Тұрсынбектен осыған қатысты сұрамақ болып, сөйлеспек болдым. Бірақ ол ашық сөйлесуден қашты. "Өтірік болар" деп өзімді жұбаттым. Бір күні "қойдым оны, ақымақтық еттім бір кезде" деді. Тұрсынбектің осы сөзіне сендім.
Осылайша он төрт жыл бойы өзімді алдап келгенімді білдім. Тұрсынбектің бүкіл жағдайын жасадым. Ол келерде тамағын тазадан дайындау, тіпті бір сұхбатымда айтқанымдай, оның ең ақыры қоқыс төгуіне жол бермедім.
Қазір айтарым,бұл үлкен қателік болған екен"деді Мөлдір Мұқанова.