Үш күннен бері Астанадағы бір отельде жас қызбен бір бөлмеде қалып, жанжалдасты деген ақпараты елді шулатқан Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жұртты шулатты деп жазады Democrat.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуіне қатысты дау-дамайға әлдене дей ме деп күткен оқырмандарын "Бул спектакль - махаббат туралы ғана емес. Сезімді тұрмыс жеңген, бір кездері бір-бірін шексіз сүйген екі адамның уақыт емдей алмаған жараларының ізі жайлы..."- деген жазбамен фото жариялап, жұртты шулатты.
Актер Азамат Сатыбалдымен түскен суретінен кейін жұрт Жұлдызға "саған осындай ересек еркек керек", "екеуі керемет жарасады", "Қайрат бала сияқты ғой", "Жұлдыз сальто жасады ма", "ответка осы болды ма" десіп, тоқтаусыз пікір жазуда.