Актриса Дана Тұрарбек өзінің сұхбатында жолдасы Мадияр Серікбаев екеуінің арасындағы отбасылық құпиясымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Мадиярдың бір туған күнінде оған сыйлық ретінде мұнан былай "сіз" деп сөйлейтінімді айттым.
Ол басында таңғалып, шыдамайтын шығарсың деген. Шыдадым, үйреніп кеттім. Намазға келіп, "сіз" деп сөйлеген соң, басқа бір деңгейге шықтық қой.
Ұрыса алмай қалдық. "Кетіңізші" деп қалай айтасың. Оның үстіне ұрсуға шамамыз келмей, шаршап қаламын мен" дейді актриса.