"Шегіне жетті!" дескен діншілдер Нұрлан имам үшін "шайқасты бастады"

"Шегіне жетті!" дескен діншілдер Нұрлан имам үшін "шайқасты бастады"

Діндар Данияр Кенжеұлы өзінің парақшасында танымал имам Нұрлан Асанов туралы "шегіне жетті!"деген жазба жариялап, діншіл қауымның арасында сөз таласын тудырды деп жазады Democrat.kz.

Айта кетейік, діндар Данияр Кенжеұлы бұған дейін "Дарын Мубаровты тыңдамаңдар" деп біраз "ақыл айтқан" болатын. 

Жалпы, Данияр Кенжеұлы таңнан кешке дейін "тек мені тыңдаңдар, менікі ғана дұрыс" деген ұстанымда сияқты көрінеді. 

Парақшасын ақтарып қарап, бұл уағызшының тек шариғи жолмен жүруге үндейтін және әдеттегідей белден төменгі мәселенің айналасын үйірсектейтінін аңғару қиын емес. 

Сонымен Данияр Кенжеұлы Нұрлан имамға қатысты не деді? Уағызшының ақылын тыңдасақ, Нұрлан имам дінді ыңғайлап, жеңілдетіп, көпшілікке ұнайтындай етіп уағыздайды екен. 

Данияр уағызшыға Исламның осындай "көпшілікке ыңғайлы дін" болғаны жақпай қалған сыңайлы. 

"Қазақтың бәрі намаз оқып кетпесін" деген Нұрлан имамның сөзі шабына шоқ түсірген бе, уағызшы Данияр бір сөз үшін леп белгілерге толы жазбасын жариялап, Нұрлан имамға ақыл айтты. 

Түсінгеніміз, уағызшы Даниярға керегі күллі қазақ тоңқаңдап намаз оқып, сақалдары сапсиып, мешіттерде уағыз тыңдап өмірін өткізуі керек. Еркек атаулы мешітте мүлгіп уағыз тыңдап отырса, қалған уақытын намазға арнаса, жұмысты кім істейді? 

Оған бас ауыртатын уағызшы бар ма, өзі сияқты "ақылдыларымен" бірге Нұрлан имамға шабуылды бастапты. 

Данияр уағызшының парақшасында жұрт екіге бөлініп, сөзбен шайқасуда. 

Бір тарап "Нұрлан имам намаз оқып, бәрің молда болып кетсеңдер, жұмысты кім істейді деп дұрыс айтты" десе, қарсы тарап "Нұрлан имам үнемі осылай қате нәрселер айтады, ҚМБД тарапынан бұл имамға тыйым салу керегін" айтуда. 

Барлық жаңалықтар