Шешесінің ұлына айтқан сөздері жұртты разы етті (ВИДЕО)

Шешесінің ұлына айтқан сөздері жұртты разы етті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тараған әзіл видео жұртты разы етіп, мыңдаған лайк жинады деп жазады Democrat.kz.

Арнайы бағдарламамен жасалған, бір қызды құшақтап отырған суретін анасына жіберген тиктокер оқырманы тарапынан мынадай реакция боларын күтпесе керек. 

Әлгі жасанды фотоны анасына уатсаптан жіберіп, соған қатысты анасының айтқан дыбыстық жазбасын жүктеген жігіт ел ықыласына бөленді. 

"Балам, екеуің де әдемі болып тұрсыңдар. Балам, мен сенің қыздармен қыдырып, кездесіп, араласып жүруіңе ешқашан қарсы болған емеспін. 

Бірақ қыздарға тиіспе, балам. Қыздарға тиісуші болма! Не туралы айтып тұрғанымды біліп тұрған шығарсың. 

Егер басыңа бір іс түссе, мен сені қорғамаймын. Сен менің баламсың, бірақ ол қыз да біреудің баласы. Сондықтан қыздарға тиісуші болма, ренжітуші болма!

Ешкімнің қызын жылатпа, ренжітпе! Мені ұятқа қалдырма. Саған жақ тәрбие беріп, өсірдім деп үміттенемін. Қыздарды ренжітіп, мені ұятқа қалдырма" дейді анасы. 

Оқырмандар ұлдың анасының мына сөздеріне өте разы болып, алғысын жаудыруда. 

Ұл тәрбиелеп отырған әрбір әйел, әрбір әке баласына сәт сайын осындай сөздерді құлағна құйып отырса, Қазақстанда зорлық атаулы мүлде болмас еді, келісесіз бе? 

"Қыздар өзі жабысты" дейтін надани түсінікті қойып, "жабысып тұрған қызды кеудесінен итеріп, кетіп қал" деп ұлды тәрбиелеп, ұл тәрбиесін қатайтпай, бұл елде тыныштық орнамайтынын мойындауымыз керек-ау?

Барлық жаңалықтар