"Шымкентский Наурыз": Видео роликтерге бюджеттің миллиондары төгілгені қалай?

"Шымкентский Наурыз": Видео роликтерге бюджеттің миллиондары төгілгені қалай?

Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы Наурыз мерекесіне арналған ақпараттық насихат жұмыстарын LED-экрандар арқылы жүргізу үшін бюджеттен 7,7 млн теңге бөлген деп жазады Democrat.kz. сайты kerekemes.kz.-ке сілтеме жасап. 

Бұдан бөлек, қалаға қарасты әл-Фараби ауданы өз аумағында Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға 4,5 млн теңге жұмсаған.

Қызығы сол, БАҚ беттерінде он күн бойы дүбірлеп өткені жазылған «Наурызнама» онкүндігі мен республикалық эстрада жұлдыздары қатысқан ауқымды концерттердің нақты шығындары туралы мәлімет мемлекеттік сатып алу порталында кездеспейді.

 

Ішкі саясат басқармасы наурыздың 11-і күні жариялаған хабарландыру бойынша, LED-экрандардың жалпы ауданы 300 шаршы метрден кем болмауы және кез келген ауа райына төзімді болуы тиіс. Шартқа сәйкес, әрқайсысы 30 секундтан аспайтын әлеуметтік роликтер күніне кемінде 10 рет айналымда болуы керек. 

 

Алайда, роликтердің нақты саны мен тақырыптары алдын ала көрсетілмеген, тек тапсырыс берушінің нұсқауымен анықталатыны жазылған.

Қызмет көрсету мерзімі 2026ж. 31 наурызына дейін деп көрсетілгенімен, алғашқы роликтер 15 наурыздан бастап экранға шығуы тиіс болған.

Осылайша, жарты айлық көрсетілім үшін қомақты қаражат қарастырылып отыр.

Барлық жаңалықтар