Шымкентте келін қалыңмалы мен сыйлықтарын алған соң, күйеуін сотқа берген

Шымкентте келін қалыңмалы мен сыйлықтарын алған соң, күйеуін сотқа берген

 Шымкентте 21 жастағы жігіттің анасы қоғамнан көмек сұрап отыр. Оның айтуынша, келіні тойдан кейін екі ай өткен соң баласының үстінен арыз жазған деп хабарлайды Democrat.kz.

«Келін тойда билеп жүрді. 1,5 миллион теңге қалың малын бердік, беташар өтті. Артынан киім-кешегі әкелінді, құдалар келді. Тойын жасап, өте жақсы жағдайда өмір сүріп жатты. Бірақ екі айдан кейін баламның үстінен арыз жазып жіберді. Не болғанын түсінбей, дал болып қалдық», – дейді анасы.

Анасының сөзінше, бұл – жала. Оның айтуынша, барлық дәлелдер мен куәгерлер бар.

«Сот осы дәлелдерді ескерсе екен дейміз. Балаларымыз жазықсыз сотталып кетпесе екен», – деп алаңдайды. 

Барлық жаңалықтар