Шымкенттегі балабақшалардың бірінде дау шықты. Ата-аналардың айтуынша, балабақшада балаларға күн сайын банан беріледі деп көрсетілген деп жазады Democrat.kz.
Алайда бүлдіршіндерді банан ұстатып суретке түсіргеннен кейін жемістер қайта жиналып алынған. Бұл туралы ата-аналар бейнебақылау камераларының жазбаларын қарау барысында білгендерін айтады.
Сонымен қатар, ата-аналардың сөзінше, балалардың бірі жеке бөлмеге қамалып, кейін партаның үстінен құлап қалған. Осы оқиғадан кейін олар балабақшадағы бейнежазбаларды тексеруді талап етіп, мекеме жұмысына қатысты наразылық білдірген.