"Шымкенттік бауыздалған әйелге" қатысты тың дерек шықты

"Шымкенттік бауыздалған әйелге" қатысты тың дерек шықты

Шымкент қаласында тапа тал түсте бауыздалып, өлтірілген әйелдің оқиғасына қатысты заңгер Айгүл Орынбек өз пікірін білдіріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Ақтөбеден арнайы Шымкентке келіп, көшеде кетіп бара жатқан әйелді малша бауыздап, пышақтап өлтірген ер адамның деструктивті ағымда, яғни (уахаб) болуы әбден мүмкін.

Сонау Ақтөбеден Шымкентке келе сала адамды малша бауыздап өлтіруі жайдан-жай емес.

Нұрайдың қазасы онсыз да қоғамда үлкен шу тудырып тұрған кезде, Шымкенттен тағы бір өлімнің шықты деу үшін біреулер әдейі жіберді ме екен?!

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбеден келген жігіттің не себепті Шымкентке келіп, мұндай қылмысқа барғанын жан-жақты анықтауы тиіс.

Құрметті қала тұрғындары!

Көшеде қолына қару немесе пышақ ұстап жүрген күдікті адамды көрсеңіздер, бірден 102 нөміріне хабарласыңыздар!
Елімізге іріткі салғысы келетін топтар қоғамдағы әрбір қайғылы оқиғаны өз мүддесіне пайдалануға тырысады.
Еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтау — әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.

Қандай жындының қолына пышақ алып, кімді, қашан бауыздайтынын ешкім білмейді.

Қылмыскер екінші қызға пышақпен жүгіріп, одан кейін полиция қызметкерлері Абай Байжанов пен Азамат Нарбаевқа шабуыл жасаған кезде, тәртіп сақшылары оны аяғынан атып, дер кезінде тоқтатқан.

Қоғамдық орында бейбіт адамдарға пышақпен шабуыл жасау — бұл террорлық әрекетпен пара-пар.
Ал осындай қылмыскерді уақытында тоқтату — нағыз ерлік!

Полиция қызметкерлерін көбіне тек сынап, жамандаймыз да, олардың жақсы істерін айта бермейміз.

Алайда біздің қауіпсіздігімізді, түнгі тыныштығымызды күзетіп жүрген — дәл осы полиция қызметкерлері екенін ұмытпайық.

Қызметтік міндетін атқару барысында ерлік танытқан жігіттер үшін Ержан Саденов мырзаға алғыс білдіремін!

Жұмыс барысында түрлі сын мен сөз болатыны заңды. Бірақ соған қарамастан, ел үшін аянбай қызмет ете беру керек"деп жазды заңгер. 

 

Уақыты келгенде халық өз бағасын беріп, батасын береді.

Барлық жаңалықтар