Шымкенттіктер Абай Бегей мен әйеліне бойкот жариялады

Шымкенттіктер Абай Бегей мен әйеліне бойкот жариялады

Шымкентке барған сапарларында әнші Абай Бегей мен әйелі әлдебір көліктің жол ережесін бұзғанынан апатқа түсе жаздапты. Осыған қатысты жазба жариялаған әнші мен әйелінің басы дауға қалды деп жазады Democrat.kz.

Әнші Абай Бегейдің әйелі өзінің парақшасында: "Кім таниды? Таза д... екен. Шымкент десе, ренжисіңдер. Авария бола жаздадық ска!"деп жазып, алда келе жатқан көліктің фотосын жариялаған.

Абайдың әйелі Фаризаның бұл жазбасы шымкенттіктердің ашуын тудырып, атойлатып жіберді.

"Осындай провакацияға шақыратын адамдарды не істесе болады?! Сен кімсің 1 адам қателік жасаса бүкіл Шымкентті жамандайтын а ?Сонда өз қалаңда бәрі идеально ма ешкім соғыспайма?

Біріншіден 13 деген Түркістан Шымкент емес көрініп тұр Шымкентті өліп жек көретін адам екені жаның кірді ғой да рахаттандың Шымкент десе ренжисіңдер деп.Сендер Қырғыздарға не деп ренжисіңдер бірінші өздерің бөлінесіңдер Шымкентті шеттетесіңдер?!

 Қазақстан болып Шымкентті мойындамайсыңдар.Бұл қалада да Өз күнін көріп жүрген қарапайым ешкімге зияны жоқ қаншама халық бар.Кешірм сұрасын талап етеміз?!"деп жазған шымкенттік азаматтың жазбасына жұрт "бойкот жариялаймыз!"деп пікір қалдыруда. 

Дәл осыған ұқсас жазбалар Threads желісінде бір сәтте көбейді. 

Барлық жаңалықтар