"Шымкенттіктердің көбі білімсіз, дипломды сатып алған" деген пікірталас басталды

"Шымкенттіктердің көбі білімсіз, дипломды сатып алған" деген пікірталас басталды
Қоғам белсендісі Гүлбану Әбенованың  шымкенттіктердің білім деңгейіне қатысты жазбасы қызу пікірталас тудыруда деп жазады Democrat.kz.
 
«Шымкентте білім деңгейі төмен деп неге айтады?» деп ренжисіңдер. Осындай сөздер сол пікірді қалыптастырады ғой.
 
Қоғамдық ортада пікір білдіру – әр адамның құқығы. Бірақ сөздің де салмағы бар. Жоғары білімі бар, өзін сыйлайтын әйелдің анайы сөз қолдануы әдепке де, парасатқа да сай емес.
 
Мынау әйелді шынымен жоғары білімі бар деп ойлайсыздар ма?
 
Депутаттың білімі қандай екенін білуге толық хақымыз бар, өйткені надан адамның қабылдаған заңымен өмір сүргіміз келмейді.
 
Иә, біз оқыдық, тоқыдық. Ал мына әйел Шымкенттің дипломын сатып алған сияқты, сондықтан өз деңгейіне сәйкес осылай жазады. Уровенгойларды мен көрсетіп қоямын анда-санда, адасып менің парақшама келгендерді.
 
Бұндайлар – жалған диплом алғандарды қолдап, жақтап отырады, әсіресе биліктің адамы болса немесе ақшасы көп болса. Осындайлар Перизаттың ақшасы көп деп тұсау кесуге шақырған, батасын сұрап жүрген…
 
Маған қаншама адам хабарласады десеңізші. Ең қызығы – олардың 80 пайызы Түркістан облысынан. «Сіз білімдісіз, бізге көмектесіңізші» дейді.
 
Естеріңізде ме, бір кезде мен тіпті адам құқықтарына жауапты жергілікті өкілдің телефон нөмірін де жариялаған едім. Мен хұқышы емеспің, депутат емеспің деп.
 
Демек, білім мен сауаттылық өте маңызды. Сонда неге кейбіреулер сондай деңгейсіз пікір қалдырады екен?
Жуырда мобилография курсында бір студент қызбен таныстым.
 
Ол маған: «Үйге жету үшін бірнеше автобусқа ауысып мінуім керек, жолға ақша көп кетеді. Кредит алдым осы курс үшін. Егер жолыңыз түссе, бірге ала кетсеңіз» деп машинама мінуге өтінді.
 
Шымкенттен екен. Таңғалып сұрадым: «Онда да педагогикалық университет бар ғой. Неге осында, Астанада оқып жүрсің? Бұл қала Шымкенттен қымбат. Ал ол жақта ата-анаң, отбасың, бауырларың бар ғой…»
Сонда ол: «ол жақта коррупция. Үнемі ақша сұрайды, ал білімді дұрыс бермейді. Сол үшін Астанаға келдім» – деп жауап берді" деп жазды Гүлбану Әбенова. 
 
Қоғам белсендісінің бұл жазбасына жүздеген кісі пікір жазуда. Бірі "дұрыс емес, Шымкентте білім жоқ деу қате, жершілдікті қою керек" десе, енді бір тарап "өте дұрыс, нағыз шындықты жазды" деген сыңайда пікір жазуда. 
Барлық жаңалықтар